Полицейлер Атыраудағы өртенген көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады

8e5b85ad d3cc 4126 85db 73f0c670233a Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өртке оранған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады.

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 101 Өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама 5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында түскен.

Аталған хабарлама бойынша полицейлер мекенжайға 4 минутта жеткен.

«Кейін 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз