Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) жойылады

ekm 6288 Жаңалықтар

Atr.kz/4 наурыз, 2020 жыл. Пәтер иелері кооперативтерімен (ПИК) қоштасатын күн жақындады. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап олардың орнына екі жаңа құрылым – меншік иелері бірлестігі мен жеке серіктестіктер құрылады. Бұл жүйенің бұрынғыдан артықшылығы неде?

«Атырау» газеті тілшісінің осы сұрағына Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев «бастама тұрғындардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Коммуналдық салаға қатысты проблемаларды дер мезгілінде шешуге мүмкіндік береді» деді.

Облыс орталығында 1182 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 861-іне 81 кондоминиум нысандарын басқару орны (ПИК, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)

қызмет көрсетеді. Қаладағы к о м м у н а л д ы қ с а л а басшыларының басын ауыртқан мәселе – 327 үйдің жайы. Бүгінде олар ешбір қоғамдастыққа кірмегендіктен, иесіз саналады.

– Алдағы сәуір-мамыр айларында иесіз баспаналарды аралауды жоспарлаудамыз. Мақсатымыз – тұрғын үйге қатысты жаңа заңға түсінік беру, кондоминиумға кірудің қажеттілігін түсіндіру, – деді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Биыл терможаңғырту бағдарламасы ауқымында 4 үй күрделі жөндеуден өтеді. Оған жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге бөлінуде. Ал, 15 тұрғын жайға мемлекеттен қаражат қарастыру үшін ұсыныс берілді. Қайрат Хабиев жаңадан құрылатын меншік иелері бірлестігі мен жеке серіктестіктің ерекшелігіне тоқталды.

Мәселен, алғашқысына тұрғындардың үштен екісінің келісімі керек. Бұл жүзеге асса, әділет органында тіркеуден өтеді. Ал, соңғысын құру үшін тұрғын үйде тұратындар 100 пайыз қолдауы қажет болады. Оның тиісті мекемеде тіркелуі міндетті емес. Жаңа жүйе ескі проблемалардан арылуға мүмкіндік береді деген үміт бар.

Азамат БАЗАРБАЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/azhaldan-arashalap-%d2%9baldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз