201111183943342a3717488i

Пандемия кезінде жалған ақпараттың салдары қандай?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Пандемия жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарныың индустриясы ерекше айтарлықтай трансформациядан өтті.

Astana Media Week 2020 шарасының «Пандемия және БАҚ-қа сенім дағдарысы» пленарлық сессиясында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев осылай деді.

«Жаңа басымдықтар мен сын-тегеуріндер айқындалды. Пандемия кезеңінде ресми БАҚ – ақпарат алудың негізгі көзіне айналды, себебі бұл ретте өтіп жатқан жағдайдың шынайылығы бірінші орынға шыққан болатын. Алдымызға қоғамдағы жалған ақпараттарға жол бермеу міндетін қойдық. Осы ретте Орталық Азияның қауіпсіздік және серіктестік мәселелері жөніндегі институтының мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанда ақпараттық материалдарға ену көрсеткіші 72,5 миллионға дейін артқан. Яғни журналистер даярлап, тарататын ақпаратқа деген қажеттілік артып барады. Жалпы пандемия уақытында жалған ақпарат пен арандатудың салдары күтпеген жағымсыз жағдайларға апарып соғатынына көз жеткіздік», – деді Кемелбек Ойшыбаев.

Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік желіде әртүрлі ақпарат тарап кеткендіктен халық оның қайсысына сеніп, қайсысына сенбеу керектігін білмей қалған. Кемелбек Ойшыбаев бұл ретте «Қазақстанда ауаға вирус тарататын ұшақ бар екен» деген жалған ақпараттың өзі біршама дүрбелең тудырғанын еске салды. Оның сөзінше, мұндай ақпараттардың мән-жайын уақтылы түсіндіріп отырмаса, қоғамда дүрбелең туып кетуі мүмкін.

Айта кетсек елорадада Astana Media Week 2020 шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету. Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап, өзекті тақырыптар талқыланады.

«coronavirus2020.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған