Жарнама
Жаңалықтар

«Отаным – бақыт ордасы»: Атырауда Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

Атырауда Республика күніне арналған «Отаным – бақыт ордасы» атты салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мемлекеттік мерекеге арналған бұл кеш еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи белестерін еске салып, ел бірлігі мен рухын дәріптейтін тағылымды сәтке айналды.

e877b91d 6610 4ee2 83cd 96a5ab1b9835


Шараның ресми бөлігі салтанатты фанфармен ашылып, сахнаға Мемлекеттік Ту шығарылды. Әскери офицерлердің салтанатты сап түзеуімен көтерілген Көк байрақ алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Гимнді Қуандық Нұғымаров, Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің хор ұжымы және «Дарын» ер балалар хоры тамаша орындады.

4a00c378 0ce2 440c b086 0db589118194 1


Сахна төріне көтерілген Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір жұртшылығын Республика күнімен құттықтап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамоталарын табыстады.

400ba683 6173 40bb 9d8c d0f9d181228c

-1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, онда Қазақстан өз аумағында жоғары билікке ие екені жарияланды. Бұл — Қазақстанның тәуелсіздікке қадам басқан алғашқы тарихи құжаты. Биыл, міне, осы маңызды қадам жасалғанына мерейлі 35 жыл.

Міне, дәл осы күннің тарихи маңызы қайта бағаланып, 2022 жылдан бері ұлттық мереке — Республика күні ретінде тойлап келеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен салтанатты жиында бұл күнді сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырған, тарихи әділдік орнап, халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деп атады.

Президентіміз өз сөзінде ел дамуының маңызды кезеңдері ретінде таңбаланған саяси реформаларға шолу жасап, бүгінгі жетістіктерге тоқталды. Ол өзінде: “Қазіргі аса күрделі, құбылмалы және қарама-қайшылыққа толы заманда озық ел болу оңай шаруа емес. Сол себепті біз батыл шешімдер қабылдап, нық сеніммен жарқын болашаққа қарай жүреміз. Сонда ғана осы уақыт халқымыздың сана-сезімінде ұлы бетбұрыс жасаған тарихи кезең болып қалары анық,- деп сенім білдірді.

Расында да бұл күні біз өткенге тағзым етіп, бүгінгі бейбіт шаққа шүкір етеміз.

Бүгінде біз жаңа мемлекеттің моделі — Жаңа Қазақстанға қол жеткіздік. Мұнда елдің дамуына мүдделі, осы жолда адал қызмет етіп жүрген әрбір қазақстандықтың үлесі бар.

Еліміздің өркендеуінің жарқын көрінісіне Атырау облысы да дәлел. Өңірде аймақтың ғана емес, бүтін елдің дамуына тың серпін беретін ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Атқарылып жатқан жұмыстарға өздеріңіз куәсіздер. Өңірдің дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін алдағы мақсат-жоспарларымызды бірге іске асыруға шақырамын!
Біздің Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігіміз — ең басты құндылығымыз екенін естен шығармай, көзіміздің қарасындай қастерлей білейік.
Елдігіміздің діңгегі — бірлік пен татулық. Ынтымақ бар жерде ырыс бар.
Оған дәлелді алыстан іздемей-ақ, қазақ елінің қаз басқан сәтінен бергі жолына көз тіксек жетеді.
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі боп, азат жұртымыздың әлеуеті арта берсін! — деп ақ тілегін ақтарды.

821f596b 6aeb 498b b3b9 e5122cfaf13e


Бұл күні ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, «Парасат» орденімен «Болат-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Болат Қонарбай, «Құрмет» орденімен Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы Толқын Бейсқали, еңбек ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиев, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Болат Қохаманов, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин, «Абылай-Хан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы және директоры Қарылғаш
Өтепова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің менеджмент кафедрасының профессоры
Бақтыбек Таубаевтар марапатталды. Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «АтырауНефтеМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің І санатты токарі Рашид Алашбаев, «Махамбет Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының механик сантехнигі Нұролла Мусин, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы Өндірістік операциялар жөніндегі супервайзері
Қуанышкерей Мұхтаров, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» акционерлік қоғамы «Атырау мұнай өндеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің машинисі Қанат Құбиевтарға табысталды.

51365598 f6d4 4524 9459 4a1361a3f565


Жалпы 50 адам марапат иегері атанды.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерттік бағдарлама жалғасты.
Шарада «Жем аруы» би ансамблі орындаған «Той бастар» биі ерекше әсер қалдырса, халықаралық конкурстардың лауреаты Мейіржан Қабдоловтың «Беу, туған жер!» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Дирижер Рауан Үрекешов жетекшілік еткен оркестрдің Б.Қохамановтың «Увертюрасын» орындауы, сондай-ақ «Еркем-ай» би ансамблінің «Мұнай бұрқағы» атты композициялық биі мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті.

f262ccad 4b5e 4bcf a088 d6cd1adafdaf 1


Кеш барысында талантты орындаушылар Азамат және Қайрат Жұмағалиевтердің, Ізбасар Самиғоллаевтың, Венера Машқалиеваның және басқа да өнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндер шырқалды. Әсіресе, «Арайлы-Атырау», «Ұлы дала», «Арман-ай» және «Өз елім» әндері кештің шарықтау сәтіне айналды.

38a8c17f a7bd 48a7 92c1 d67323b2ebff


Театр фойесінде қонақтар үшін робототехника мен жасанды интеллект бағытындағы оқушылар көрмесі, фотозона, сондай-ақ тірі гүлдермен безендірілген композициялар ұсынылды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button