ӨРТ ТЕ СӨНДІРІЛДІ, БАЛАЛАР ДА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Атыраудағы С.Қазыбаев атындағы балалар үйінде кенеттен өрт шықты. Жатын бөлмеден басталған ол кішкентайлар мен үлкендердің сыртқа шығу жолын да жауып тастады. Осы тығырыққа тірелген сәтте оқиға орнына жедел шақырумен жеткен өрт сөндірушілер шұғыл іске кірісті.

Біздің бұл баяндап отырғанымыз – аталмыш ғимараттағы шартты түрде болған өртті ауыздықтау оқиғасы. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке қарасты құрылым кезекті жаттығуын жасап, осылай тосын жайдағы іс-әрекет бірлестігін пысықтады.
Жоғарыда айтқанымыздай, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер өз беттерінше сыртқа шығып кету мүмкіндігінен айырылған болатын. Оларға көмек тек тыстан келуі тиіс еді. Міне, осы міндетті өрт сөндірушілер ойдағыдай жүзеге асыра білді. Барлығы 109 бала мен 86 қызметкер құтқарылды. Жаттығуға арнайы техникаларымен 22 адам қатысты.

М. БАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз