Жарнама
Жаңалықтар

Оқушылар наубайхана жұмысымен танысты

Атырау қаласындағы «Асыл Ана» наубайханасында мектеп оқушыларына арналған “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолған алынған іс-шара барысында оқушылар наубайхананың өндірістік процесімен танысып, жартылай шикізат өнімдерін өңдеу технологияларын өз көздерімен көрді.

Сонымен қатар олар наубайхана мамандарының жұмыс барысын бақылап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

-Ашық есік” күнін өткізудегі басты мақсатымыз – балаларды еңбекке баулу, нағыз кәсіби маман иелерінің жұмысымен таныстыру арқылы олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға жол ашу. Қазір жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырамыз, – деді Амангелді атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мереке Тайыров.
Жиынға барлығы 80 адам қатысты. Осы бағыттағы іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button