Жаңалықтар
Өрт сөндірушілер жанармай тасығыш жарылысын алдын алды
Бүгін Атырау облысы Құлсары қаласында айналма жолдың жанында орналасқан жанар-жағар май құю станциясының аумағында жанармай құйылған жанармай тасығыштың артқы дөңгелектерінің жануы орын алды.

Өрт жанармай тасығыштың доңғалақтарға тез таралып, цистернаның жарылыс қаупін тудырды.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар цистернаны суыту үшін көбікті қолданып, дереу сөндіруге кірісті.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және батыл іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзім ішінде толығымен сөндірілді.


