Жарнама
Жаңалықтар

Өңірлерде пәтер бағасы төмендеуі мүмкін

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер уақытша ипотека беруді тоқтатып, оның шарттарын қайта қарау және мөлшерлемелерді көтеру жөнінде шешім қабылдады. Бұл жағдай елдегі тұрғын үй нарығына елеулі әсер етуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, несиелеу талаптарының қатаюы тұрғын үй бағасының төмендеуіне алып келеді.

Тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Александр Пактың пікірінше, қазіргі кезде елдегі жылжымайтын мүлік нарығы “тоқтап тұрған” жағдайда, яғни айтарлықтай қозғалыс байқалмайды. Дегенмен ипотекалық шарттардың күшеюі сату-сатып алу мәмілелерінің азаюына әкелуі ықтимал. Оның айтуынша, банктер арқылы заемдық қаражат тартумен жасалатын мәмілелер нарықтың шамамен 30–35 пайызын құрайды. Сондықтан ипотекалық несиелеудің тоқтауы нарықтағы сұранысты азайтып, бағаға тікелей әсер етуі мүмкін.

Сарапшының болжамынша, ипотеканың қатаюы әсіресе өңірлерде тұрғын үй бағасының 20–25 пайызға дейін төмендеуіне әкелуі ықтимал. Бұл тенденция екінші нарықтағы пәтерлерге көбірек әсер етеді. Ал Астанада жағдай сәл өзгеше болуы мүмкін, себебі елордада тұрақты көші-қон, жұмыс күшінің қозғалысы және тұрғын үйге деген тұрақты сұраныс бар.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: baq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button