Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде арнайы салықтық режимдер бойынша үш бағыт енгізілді

Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Серіккерей Қуанов баспасөз брифингінде мәлім етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Биылдан бастап арнайы салықтық режимдердің үш түрі қолданысқа енгізілді. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін айлық табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс. Олар жалдамалы жұмыскер ұстамайды, есептілікті ай сайын мобильді қосымша арқылы жүргізеді және табыстың 4 пайызы көлемінде әлеуметтік төлем жасайды, – деді С.Қуанов.

Жеңілдетілген декларация режимін қолданатын кәсіпкерлердің табысы 600 мың АЕК-ке дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдайда жұмыскерлер санына шектеу қойылмайды, жеке табыс салығы 4 пайыз мөлшерінде белгіленген. Есептілік жарты жылда бір рет тапсырылады.

Ал шаруа қожалықтары үшін салық ставкасы айналымнан 0,5 пайыз деңгейінде белгіленді. Олар қосылған құн салығынан, әлеуметтік, мүлік және көлік салықтарынан босатылды. Міндетті шарт – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы.

Арнайы салықтық режимдердің басты мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету, бизнестің ашықтығын арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту. Бұл шаралар өңірдегі салықтық түсімдерге де оң әсерін тигізбек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button