Жарнама
Жаңалықтар

Өнер арқылы жігер танытқан ұжым республикалық байқауда үздік атанды

Көрнекті композитор, дирижер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Республика күніне орай республикалық «Өз елім» ән байқауы Ақтөбе қаласында жоғары деңгейде өтті. Өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.

Атырау өңірінің намысын «Өмір гүлі» облыстық мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Жігер» этно ансамблі қорғады. Ансамбльдің әсерлі де шебер өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, ұжым «Ансамбль» жанры бойынша ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.

Жетекшілер Тыныш Дүйсешқызы мен Асыланбек Төлепбергенұлының еңбегі ұжымның табысына жол ашты. «Жігер» этно ансамблі байқаудағы ерекше және жалғыз инклюзивті топ ретінде өнер көрсетіп, өнер арқылы бірлік пен жігердің үлгісін көрсетті.

Бұл жеңіс – өнердің де, рухтың да мерекесі. Республика күні қарсаңында осындай жетістіктер ел рухын көтеріп, бірлік пен еңбектің құндылығын айшықтай түседі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button