
Өнеге аларлық тұлға
Журналистика саласын ардагері Амангелді Мутигуллин ағамыздың бойында екінің бірінен табыла бермейтін тамаша қасиет көп еді. Солардың ішінде ең ерекшесі – оның қай ортада да адамдармен тіл табыса білуі. Үлкенмен де, қатарластарымен де, жасы кішілермен де әзілдесіп, әңгімесін жарастырып кететін кең пейіліне бәріміз тәнті едік.
«Қанша жасқа келіп, есейсек те, кезінде өзіміз еңбек еткен, екінші үйіміздей болып кеткен ұжымға соғып, қарашаңыраққа сәлем беру – парызымыздай көрінеді» – дейтін Әбекең анда-санда қос газеттің редакциясына келген сайын.
Осы қарапайым сөздің өзінен-ақ оның ұжымға, әріптеске деген құрметін, өмірлік ұстанымын, адамдық болмысын әбден аңғаруға болады. Міне, осындай тұлғадан кейінгі толқынның одан үлгі-өнеге алмасы мүмкін емес еді.
Дәулетқали АРУЕВ
Ақпарат саласының үздігі


