akim quttyqtady

Облыс әкімі Атырау халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Жаңалықтар Қоғам
13 / 100

Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов атыраулықтарды әлеуметтік желі арқылы күллі мұсылманға қасиетті саналатын Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлады atr.kz

Ол өзінің фейсбук парақшасында:

«Құрметті жерлестер!

Сіздерді мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл айда ізгілік, мейірімділік, сыйластық, татулық пен бірлік сынды исламның басты құндылықтары салтанат құрады.

Біздің қоғамымызда да қасиетті айда жақсылық жасаудан жарысу, ізгі істерге мұрындық болу сондай-ақ мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау игі дәстүрге айналып келеді.

Құрметті атыраулықтар!

Өкінішке қарай, рамазан айы биыл да күрделі уақытта өткелі отыр. Сондықтан барынша түсіністік танытып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдары шеңберінде амал қылуға шақырамын.

Ауызашар, құлшылық жасау мен өзге де діни рәсімдер кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, барынша отбасыларыңызда болғандарыңыз абзал.

Бұл өтпелі кезеңді де ынтымағымыздың арқасында бірге еңсерерімізге сенемін.

Төзім мен сабыр сыналатын ай бірлігімізді бекемдеп, бір-бірімізге деген құрметімізді арттыратынына сенемін.

Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз, құлшылық-ғибадаттарыңыз бен әрбір қайырлы амалдарыңыз қабыл болғай!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың бірлік-берекесі артсын!

Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!», деп жазды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған