Оқушылар арасында журналистер байқауы жарияланды

journalist life3 Жаңалықтар

Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл. 1 наурыздан бастап жас журналистердің «BILGEN-DARA BOL» байқауына материалдар қабылдау басталды.

4 кезеңнен тұратын байқауға қатысу үшін 2-11 сынып оқушылары www.bilgen.academy порталына тіркеліп, «Қазпошта», «Каспий банк» терминалдары арқылы 1 мың теңге көлемінде жарна төлеу тиіс. Шартын порталдан көруге болады. Ең бастысы, қатысушы балалар бірінші кезеңде таңдаған тақырыбын төртінші кезеңге дейін жан-жақты зерттейді.

Алғашқы екі кезеңде мақала жазады, үшінші кезеңде мақаласын аудио түрінде жібереді, төртінші кезеңде сол тақырыбына видео дайындайды. Ұялы телефонмен дайындауға рұқсат беріледі. Бұл балалардың журналистикаға қабілетін шыңдайды.

aza zhurnalistikasyi

Жас ерекшелігіне қарай іріктелген 5 топтан 5 үздік ондық анықталады. Барлығы 50 бала жеңімпаз болады. Бас жүлде алған 5 балаға 100 мың теңгеден сыйақы тағайындалған. Қалған 1, 2, 3 орындар 45 балаға бөлінеді.

Марапаттау салтанатында бағалы сыйлықтар мен диплом, сертификат, алғыс хаттар беріледі. Алғашқы екі кезеңнен өткен балаларды сәуір айындағы Түркітілдес журналистер қорының жанынан ашылған Жас журналистер мектебінің балаларымен бірге Түркияның бірнеше қаласында болатын жобаға қосыла алады. Төртінші кезеңге өткен 100 бала шілдеде болатын бесінші – халықаралық кезеңге қатысуға құқылы.

Халықаралық деңгейде өтетін байқауға Қазақстанмен бірге Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен оқушылар бақ сынасады. Ал қазылар алқасына осы елдермен қатар, Ұлыбритания, Германия, Франциядан танымал журналистер мүше болады. Толық ақпарат үшін: 8778 878 34 08 телефон нөміріне хабарласуға болады. Байқау енді басталды, сондықтан мамырға дейін төрт кезеңнің материалдарын дайындауға қатысушылар толық үлгереді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз