Нұрлы Әйтиева Елбасына гендерлік саясаттағы жеңістер үшін алғыс айтты

257794 Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. «Елбасы тарихи тұлға» деді Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Әйтиева.

Назарбаев тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізін қалаған тұлға. Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлеуметтік, экономикалық салаларда толайым табыстарға қол жеткізді. Бір ғана білім және ғылым саласы табыстарға толы.

IMG 20190325 WA0009

Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектептері еліміздің түпкір-түкпірінде жастарымызды болашақтың ілімі жолында оқытуда. Назарбаев университеті әлеммен иық теңестіретін деңгейге жетті.

Іскер әйелдеріміздің дауысы әлемдік деңгейге көтерілді. Олар қоғаммен өздерінің бай тәжірибесімен, керемет үлгісімен бөлісуде» деді спикер.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы “Жайық” спорт кешенінде мерекелік концерт өтуде. Бас қаламыздың атауының өзгеру құрметіне өтіп жатқан салтанатты концертті Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы өткізуде.

Амандық Абдолов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз