img 20210108 wa0102

«Nur Otan»: Үгіт-насихат жұмыстары аяқталды (+ФОТО)

Жаңалықтар Сайлау - 2021 Саясат ФОТОГАЛЕРЕЯ
8 / 100

Бүгін – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Саяси науқан қарсаңында «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы бекіткен желілік кесте шеңберінде атқарылған іс-шаралар туралы облыстық сайлауалды штабының басшысы Нұрлыбек Ожаев баспасөз саласы өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

Атырау облысы бойынша 1 аймақтық және 8 аумақтық штаб құрылып, мәдениет, білім, ғылым, бизнес саласы өкілдері, азаматтық сектор және мәслихат депутаттығына 249 кандидаттан тұратын 300 мүше жұмыс жасайды. Штаб мүшелерінің 70%-ы сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие.
«Бұл жұмыстарға жастардың кеңінен тартылғанын айрықша атап өтуіміз қажет. Штаб жанынан кең көлемді және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының 530 белсендісі және партияның жас жақтастары кірді» деді Нұрлыбек Жұмахметұлы брифинг барысында. Жастар – ел ертеңі. Сондықтан, оларды қолдау – партия ұстанған басым бағыттың бірі. Облыстық, қалалық және 7 аудандық деңгейде жасақталған арнайы бағдарламада аталған сала өкілдерін қолдаудың жан-жақты тетіктері қарастырылған.
Сайлауалды науқан кезеңінде Атырау қаласы және 7 аудан көлемінде әр түрлі форматтағы басқосу-жиындар санитарлық талаптарға сай өткізілді. Биылғы науқан барысында кандидаттардың мамандықтарына сай әлеуметтік топтарға жіктеліп, кездесулер өткізуінің нәтижелі болғанын атаған облыстық штаб басшысы 14 әлеуметтік топтардан құрылған, 271 440 адамды қамтитын 722 іс-шара өткізілгенін айтты. «Бұл дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, білім саласы өкілдері мектеп, жоғары оқу орындары, колледждерге, дәрігерлер емхана, ауруханаларға барды деген сөз. Тиімді тәсіл екенін дәлелдеген форматтар сайлауалды шаралар аясында кеңінен қолданылды» деді ол.
«Nur Otan» партиясының негізгі ұстанымы – ашықтық пен мейлінше халыққа жақын болу. Штаб жетекшісінің сөзіне сай, осы науқан барысында аталған межеге жетуге мүмкіндік туды. «Есіктен-есікке», канвассинг, «Үміткерге – сауал қой» секілді нақты іс-шаралар арқылы кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері сайлаушылармен етене араласып, үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырды. Соның айқын дәлелі – партиялық праймериз кезінде 1061 аманат келіп түссе, сайлауалды үгіт-насихат науқанында азаматтардан 4 мыңға жуық аманаттар қабылдадық» деді Н.Ожаев.
Бекітілген кестеге сай, 23 желтоқсан күні республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына арнайы келіп, науқанды өткізу, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында іс-шараларды атқару кезінде, сайлау барысында пандемияға байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі де назардан тыс қалмады. Республикалық топтың қатысуымен бірнеше топтарға бөлінген 17 кездесуге 415 адам қатынасты.
«Nur Otan» партиясының 1 аймақтық және 8 аумақтық сайлауалды бағдарламасын халық арасында талқылау кезінде 1 мыңнан астам талап-тілектер мен ұсыныстар жиналды. Олардың 42%-ы бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріліп, енгізілді. Әр өңірдің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзіндік бағдарламасы жасақталды.
Партия тарапынан атқарылған табысты шаралардың тағы бірі – қоғамдық қабылдау. Штаб жанынан ашылған облыс көлеміндегі 9 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында 1305 азамат келіп, өз мәсеелерінің шешіміне қатысты нақты жауап алды.
«Біз барлық қазіргі заманғы сынақтар мен жаңа сынақтарды бірге жеңе алатынымызға сенімдіміз. «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, бұдан әрі де халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істейтін болады» деді Нұрлыбек Ожаев брифинг соңында.

*Керек дерек

Атырау облысы бойынша желілік кестеге сәйкес өткізілген шаралар саны 699
Оның ішінде:
облыстық деңгейде – 537
республикалық – 185
онлайн шара саны – 189, қамтылған адам саны – 176 350.

Үгіт насихат жұмыстары аясында 3 кезең бойынша 231463 материал таратылды.
«Есіктен есікке» акциясында 90 мың үгіт материалдары үлестіріліп, 140 мыңнан астам материал рұқсат етілген жерлерде жабыстырылды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

img 20210108 wa0106
img 20210108 wa0101

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған