«Nur Otan» партиясы: Спорт саласын дамыту – басты ұстаным

img 20201228 wa0123 Жаңалықтар

Салауатты өмір салтын ұстанатын ұлттың болашағы жарқын. «Nur Otan» партиясы әркез спорт саласын дамытуға мүдделі.

Бұл орайда партияның арнайы жасақталған өңірлік бағдарламаларында аталған саланы қолдау, дамыту тетіктері кеңінен көрініс тапқан.
Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің бір тобы дене тәрбиесі және спорт саласы мамандарымен онлайн форум өткізіп, тақырыпқа қатысты мәселелерді кеңінен талқыға салды.
Саламат Идрисов, Ербол Иманғалиев және Нәсіп Шалабаева zoom платформасында өткен аймақтық форум аясында «Nur Otan» партиясының өңірлік бағдарламасын түсіндіре отырып, спорт саласына қатысты қолға алынбақшы жоспар, бастамалармен бөлісті.
Бұқаралық спортты дамыту – «Nur Otan» партиясы ұстанған басым бағыттың бірі. Алдағы бес жылда облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, оларды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуға барлық жағдайлар жасалмақ. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы облыс бойынша 22 спорт кешенінің құрылысы арқылы спорттық инфрақұрылымдарды кеңейтіп, одан әрі дамытуға ықпал етуді көздеуде. Оған қоса, 2021-2025 жылдар аралығында аудандарда 30 шағын футбол, ашық спорт алаңдарын салу және қолданыстағы стадиондарды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр, – деді Саламат Нұрмұханұлы.
Бекітілген бағдарламаға сай, 2025 жылға дейін халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін арттыру арқылы тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үлесі де артады деп күтілуде.
Өз кезегінде Ербол Зиноллаұлы медицина саласы маманы ретінде пандемия кезінде қолдау білдіріп, ортақ іске ерікті ретінде тартылған спортшылардың үлесін зор құрметпен атап өтті. Кандидаттардың барлығы бірауыздан бұл пкірді қолдап, барша спортшыларға алғыстарын білдірді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен спорт саласын сабақтастыра сөйлеген Нәсіп Хисметоллақызы жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшылардың ел дамуы жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, саяси науқан кезінде белсенділік танытып, қолдауға шақырды.
«Nur Otan» – нақты істер партиясы» деп тектен-тек айтылмаған. Облыс, қала және жеті ауданға арнайы жасақталған бағдарламада бірнеше маңызды мәселелер айқын көрніс тапқан. Әрі бұлардың барлығы да праймериз кезінде сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жасақталып отыр, – деді ол.
Арнайы интернат және «Атырау Арена» секілді атаумен әлемдік деңгейдегі дүбірлі додаларды өткізетін заманауи спорт кешенін салу, спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар жалақысының мектеп мұғалімдерімен теңестірілуін қамтамасыз ету, Құрманғазы ауданында дене шынықтыру кешенін салу мәселесін көтерген сайлаушылар ұсыныстарын жазып алған кандидаттар, оң шешімі табуы жолында жұмыстану партия назарында болатынын атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз