190816185210624a3557221i 2

«Nur Otan» партиясы: Халыққа жақын болу – басты міндет

Жаңалықтар Саясат
1 / 100

«Ортақ мақсат-мұраттарға адалдық. «Nur Otan» партиясының ел игілігі жолында бұған дейін де атқарған жұмыстарының негізгі өзегі – осы. Бірлігіміз жарасса ғана, берекеміз артады».

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гүлзада Шакуликова мен Асылбек Жәкиевтің мұнай-газ саласы қызметкерлері және сала ардагерлерімен онлайн кездесуінің түйінді ойы осы болды.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырған үміткерлер тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайында айтып өтті. Саяси платформада өзіндік орны бар партия жасақтаған бағдарламаның сан саланы қамтитынынын айрықша атап, көзделген мақсаттар туралы әңгіме өрбітті.
«Nur Otan» партиясының бесжылдық бағдарламасында дамудың негізгі 7 басымдылығы айқын көрсетілген. Олар: Экономикалық тұрақты аймақ, жайлы аймақ, әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар және қауіпсіз аймақ. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында облысты дамытудың осынау бағыттарын анықтап, нақты жоспарлар жасақтады. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау» деді Гүлзада Тәңірбергенқызы.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры қызметіндегі Гүлзада Шакуликова жоғары оқу орындарының алдына қойылған айқын міндеттің бірі – білім сапасын арттыру екенін атап өте келе, партия тарапынан білім сапасын жоғарылату мақсатында бірнеше маңызды жобалар жоспарланғанын да атап өтті.
Өз кезегінде Асылбек Мұхитұлы саяси партия көздеген межелі міндеттер туралы айта келе, «бүгінгі басқосу негізінен мұнай-газ саласы ардагерлеріне арналды. Алайда, қазіргідей талапқа сай, алдымыздағы аға буынмен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмай тұр. Zoom палтформасындағы бүгінгі онлайн жүздесуден басқа кезде де, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының кестесіне сай, кездесіп, ақыл-кеңестерін тыңдауға мүмкіндік болды. Аға буын әркез «Nur Otan» партиясын қолдайтындардын білдіріп, саяси науқанға белсенді қатысуға мүдделі» деді ол.
Онлайн жүздесуге қатысқандар тарапынан кандидаттарға сауал жолдағандар да болды. Соның бірі Мәрия есімді атыраулық тұрғын экологиялық ахуалға алаңдайтынын білдірді. «Қазіргі қолданыстағы пакеттердің жойылу мерзімі өте ұзақ. Пластик бөтелкелер мен целлофан қапшықтар жылдар бойы жатады. Онсыз да эко ахуалы нашар Атырау үшін аталған мәселе аса маңызды» дей келе, эко пакеттерді қолданысқа енгізу мәселесін көтерді.
Тұрғын сауалының маңыздылығын айрықша атаған Гүлзада Тәңірбергенқызы партия тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында нақты жоспарлар жасақталғанын айтты. «Әр түрлі бағыттарды қамтыған жаңа жобалар қатарында сіз атаған бастама болуы да әбден мүмкін. Сондықтан, «Nur Otan» партиясы жасақтаған бағдарлама жүзеге асқан сәтте көптеген мәселелер оң шешім табады» деді ол. Аталған тақырыптың Атырау өңірі үшін маңызды екенін атаған кандидат Г.Шакуликова: «Nur Otan» партиясының мақсаттарының бірі – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Соңғы екі жылда облыста ауаға тасталған зиянды заттардың шығарылу мөлшері 15 мың тоннаға азайды. 2025 жылға қарай облыста атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын 11,9 пайызға төмендету жоспарлануда» дей келе, өзі жетекшілік ететін жоғары оқу орнында БҰҰ-ның қзақстандағы ғаламдық коммуникациялар департаментінің қолдауымен құрылған Каспий Хаб (Caspian SDG Hub) жұмысынан хабардар етті.
Жиынға қатысушылар тарапынан жолданған тағы бір сауал нан сапасына қатысты болды. «Қазір нан өнімдерінің сан түрі сатылымда. Қалтаңа қарай таңдау жасауға мүмкіндік мол. Алайда, сол нанның салмағына бақылау жасайтын арнайы мамандар бар ма?» деді тұрғын.
Әлеуметтік тақырыпты қамтыған бұл сауалдың да маңызды екенін атаған кандидат Г.Шакуликова ұсыныс негізінде жолдап, жауапты құрылымдарға жеткізуге мүдделі екенін білдірді.
Сайлау науқанына қатысып, белсенді болуға, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырған кандидаттар әр дауыстың маңызды екенін атап өтті.

Гүлжан ӘМІРОВА

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған