«Nur Otan»: «Атырау Су арнасы» ұжымы сайлауалды бағдарламамен танысты

190816185210624a3557221i Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық, қалалық филиалдарының сайлауалды штабтары сайлаушылармен кездесу легін жалғастыруда.

Бұл жолы үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі «Атырау Су арнасы» мекемесінде ұйымдастырылды.  

Үміткерлер Қ.Жауымбаев, А.Адиева, С.Шораев, И.Қонысбаев аталған кәсіпорын қызметкерлерімен басқосу барысында 7 нақты міндеттерді қамтыған партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Оған қоса, қатысушылар тарапынан берілген сауалдарға орай өз ой-пікір, ұсыныстарын білдірді.  

Негізінен әлеуметтік тақырыптарды қамтыған сұрақтарға жауап берген жиын қатысушылары тұрғын үй, жер телімін алу, жол, ескі үйлердің өзекті мәселелеріне қатысты түсінік берді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз