Н.НЫҒМАТУЛИН: ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИІК БЕДЕЛІ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай қатынасы мәселелерін талқылады.

ҚХР төрағасы, Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары туралы айта келіп:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған жан-жақты келіссөздер келіссөздердің қорытындысы бойынша біз кең ауқымды мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, практикалық салаларда да ынтымақтастығымызды дамыту жөніндегі сындарлы пікір алмасулар іске асырылды. Ең бастысы, осы сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуіміздің арамызда өте мықты достық қалыптасты», - деді.

Қайта өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сондай-ақ экономиканың басқа да салаларында келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында қол қойылған келісім-шарттардың жалпы құны 35 млрд. доллардан асады.
Әңгіме барысындағы айырықша тақырып Қазақстан және Қытай парламентшілері арасындағы өзара әрекеттестік болды. Си Цзиньпин парламенттер арасындағы ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты. Сондықтан да, мемлекетаралық қатынастарды дамытудағы оның орны ерекше. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентшілердің Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті нығайтуға одан әрі де өз үлестерін қоса беруге дайын екендіктерін атап көрсетті. «Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Қытай басшылары арасындағы қол жеткен келісімдерге заңдық қолдау көрсетуге айырықша назар аударады», – деп атап өтті Мәжіліс спикері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз