Жарнама
Жаңалықтар

Несие есептегіші енгізіледі: қазақстандықтар артық төлемді алдын ала біле алады

Енді қазақстандықтар несие алар алдында артық төлемнің нақты мөлшерінен алдын ала хабардар бола алады.

Жаңа талапқа сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары өз сайттарында және мобильді қосымшаларында арнайы онлайн есептегіш орналастыруы тиіс. Клиент несие сомасын енгізгеннен кейін, жүйе сыйақы мен комиссияларды қосқандағы нақты төлем көлемін бірден көрсетеді.

Сонымен қатар, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) енді шарттарда, жарнамаларда және сайттарда ірі әрі анық қаріппен жазылуы қажет. Бұл талап бұрынғыдай ұсақ жазумен берілмеуі тиіс.

Ашықтықты арттыруға бағытталған бұл өзгерістер 2025 жылғы 18 қазаннан бастап күшіне енеді.

Мамандардың айтуынша, жаңа ереже азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырып, несие рәсімдеу кезінде банктер мен клиенттер арасындағы сенімді және әділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: newsroom.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button