Өндірісті аймақтың өрісі кеңейді

На первую Жаңалықтар

Атырауда «ATYRAU INVEST-2016» ІІІ халықаралық инвестициялық форумы өтті

Атырауда облыс әкімдігі мен «Біріккен химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен осымен үшінші рет «ATYRAU INVEST-2016» ІІІ халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумның басты мақсаты – Атырау облысының инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат беру, аймақ экономикасын және нақты жобаларды насихаттап, оларға инвестиция тарту. Форумға  орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, ұлттық компаниялар және дамыту институттары, көптеген елдердің елшілік өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар шақырылды.

Шараны облыс әкімі  Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп ашты. 

%d0%bd%d0%b0-%d0%bf%d0%b5%d1%80%d0%b2%d1%83%d1%8e-840x420

– Атырау – еліміздегі ең дамыған индустриялы аймақ. Бүкіл республика экономикасының   жедел өсуін қамтамасыз етіп отырған өңірде   көптеген шетелдік және отандық инвестициялар салымы көбірек  шоғырланған. Соңғы жылдары өңіріміз инвестиция тарту бойынша басқа аймақтар арасында көшбасшы болып отыр. Биылғы сегіз айда  негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,0 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде  сыртқы инвестиция салымы шамамен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Облыста 4,5 млрд. тонна мұнай және 2,8 трлн. шаршы метр газ қоры бар Теңіз және Қашаған ірі мұнай-газ кен орындары орналасқан. Бүгінгі таңда аймақта 600-ден астам  өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұлар республикадағы өнеркәсіптік өндірістің  25  пайызын құрайды.

Жалпы, өңірлік өнім мен орташа жалақы бойынша өңіріміз республикада жетекші орындардың бірін алады. Қолайлы инвестициялық климаттың арқасында шетел капиталын тарту орталығына айналдық. Бүгінгі таңда облысымыз әлемнің елуден астам елдерімен ынтымақтастықта қызмет етіп отыр. Облыста 700-ден астам бірлескен және шетелдік компания жұмыс істеуде.  Инвесторлар тізімінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жапон  және т.б. елдер бар. Форум шеңберінде инвестицияны қажет ететін жобалар көрмесін ұсынып, оларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенімізді айтып өткім келеді. Құрметті қонақтар, сіздерді Атырау облысына инвестиция салуға және қазақстандық серіктестіктермен бірлескен жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді құруға шақырамын, – деді ол.

Бұдан кейін жеке инвесторлар, мемлекеттік сектор өкілдері экономиканың маңызды мәселелерімен бірге, өңірде бизнес жүргізудің болашағын да талқылады. Ал, атыраулық кәсіпкерлер өздерінің бизнесжоспарларын әлеуетті инвесторларға таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Осыдан кейін Иран республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу сөз алып, өзара қарымқатынас орнатуға тілектес екенін жеткізді. Қазақстандағы Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева кәсіпкер әйелдердің аймақ экономикасына қосып жатқан үлесіне тоқталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев аймақтың инвестициялық әлеуеті жөнінде толық мағлұмат берді. «Біріккен химия компаниясы» ЖШСнің басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай мұнайхимия саласы мен оның инвестициялық әлеуеті жөнінде кеңінен айтты. ҚР Инвестициялар және даму вицеминистрі Ерлан Хаиров, «Қазақстанның даму банкі» АҚның басқарма төрағасы Болат Жәмішев ел экономикасын дамытудың басты бағыттарына тоқталды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚның басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин, Орынбор облысының вицегубернаторы Павел Самсонов Орынбор және Атырау аймағының ынтымақтастығы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды әңгімеледі.  

Жиналғандар үшін еркін сөз кезегі ұйымдастырылып, көп сауалдарға жауап алынды. Оның соңы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңес беру қызметіне ұласты.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов аталмыш форум аясында «Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық. Омбудсмен институты» панельдік сессиясын өткізді. Оған Ресей Федерациясының Волгоград облысы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Ольга Устинова және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстары өңірлік палаталарының өкілдері қатысты. Қазақстан мен Ресей бірбірімен белсенді ынтымақтастық орнатқан жылдар ішінде 6 мың қазақстандықресейлік бірлескен кәсіпорын құрылған. Нәтижесінде, Алтай өлкесі, Свердлов облысы, Ставрополь қаласы мен Татарстан Республикасы кәсіпкерлерінің байланысы нығая түскен.

Атыраудағы көмірсутекті шикізат қоры республикадағы қор көлемінің 73 пайызын құрайды. Ірі мұнай кен орындарының біріТеңіз де осында орналасқан. Дәл осы өңірге әлемдік танымалдыққа ие ірі мұнай өндіруші компанияларЛукойл, ExxonMobil, Shell, ConocoPhillips, Chevron, Statoil, Eni, Total, т.б. ат басын тіреген. Жаңа технологиялар, жаңа жабдық, алдыңғы қатарлы әдістер мен бизнесті жүргізудің соны қағидалары да осы жерде тоғысқан. Ендеше, Атыраудың әлеммен байланысы дами түсетіні сөзсіз. Оған форум барысында да айқын көз жеткіздік.

Амандық Сағынтайұлы

Облыстық әкімдікте

Моңғолия  студенттері  Атырауда  оқиды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Жагир Сухээны қабылдады.

Атырау облысықарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Мұнда келіп, өңірдің мүмкіндіктерімен танысып отырсыз. Елбасының қолдауымен мұнай өнеркәсібіндегі жетістіктермен қатар, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салаларда игі бастамалар жүзеге асырылуда. Инвесторлар саны да көбейіп келеді. Өйткені, олар Қазақстанға сеніп отыр, – деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Елші өз сөзінде Атырауға тұңғыш рет табан тіреп отырғандығын, соған қарамастан осы сапарында бірқатар кәсіпорындарды аралап үлгергендігін жеткізді.

Атыраудың мұнай өңдеу саласында тәжірибесі зор екен. Бізде де мұнай шығады. Енді оны өңдеу жұмыстарын дамытуды көздеп отырмыз. Осы бағытта серіктестік орнатуға болады деп ойлаймын, – деді елші. Сондайақ, ол индустриялықинновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Атырауда  жүзеге асып жатқан «Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу және тоқыма фабрикасының сапалы өнімдер шығарып жатқанын айта келе, бұл салада моңғолиялықтардың тәжірибесі де зор екендігін жеткізді.

Естуімше, Атырау мұнай және газ университетінде Қытайдан келген студенттер білім алып жатыр екен, – деді Моңғолия елшісі.

Біз де бір топ моңғолиялық жастарды Қазақстан мұнайының астанасы Атырауға жіберіп, осы жақтан білім алуға, тәжірибе жинақтатуға мүмкіндіктер қарастыруға мүдделіміз. Себебі, екі елдің бірбірінен үйренері көпақ.

Бұл ұсынысты аймақ басшысы қабыл алып, оны шешу жолдарын қарастыратынын  атап айтты.

Айгүл Ертілеу

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз