Үндеуге жедел үнқосу

Тамара Амантурлина 1 Жаңалықтар

Тамара  Амантурлина,

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»

мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Тамара Амантурлина

Қоғамды жаңғыртудың жаңа бағыты

Елбасымыз  тарихи Үндеуі  арқылы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кезең-кезеңге негізделген жаңа үдерісінің басталғанын паш етті.

Ерекше көңіл бөлетін жай,  болашақта Елбасы Парламент пен Үкіметке біраз билікті бергенімен, елімізде Президенттік  басқару  формасы сақталады.  Себебі,  Президент  мемлекеттілігіміздің  негізгі тірегі,  конституциялық  мызғымастығымыздың  кепілі болып  қала береді.  Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуымыз, Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы – Елбасымыздың әлемдегі биік беделінің нәтижесі.

Елбасы осы уақытқа дейін де мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын  жүргізіп келді. Соның нәтижесінде елімізде кәсіби Үкімет, қуатты Парламент және тәуелсіз сот билігі қалыптасқаны  баршаға белгілі. Елбасымыз атап өткендей, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі – ел дамуының заңды және жүйелі кезеңі.

Осынау өте батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймайды,  оларға  өздері  қабылдаған шешіміне сәйкес, үлкен жауапкершілік жүгін де арқалауына  тура келеді.

 

Жайлы  ӨМІРБЕКОВА,

Қазақстанның  еңбек сіңірген қызметкері,

педагогика ғылымдарының докторы:

Жайлы ӨМІРБЕКОВА

АШЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМЫНЫҢ АЙҒАҒЫ

Жүзеге асырылғалы отырған конституциялық реформа – біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды қадам. 

Біріншіден, бұл қадам еліміздегі демократиялық процестің әрі қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Екіншіден, саяси биліктегі екі негізгі тармақтың, Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, саяси аренадағы жаңалықтар Үкіметтің де, Парламенттің де кәсіби тұрғыда дамуына, жауапкершілік жүгін арттыруға, жұмыс процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.

Бұл реформалар уақыт талабынан туындап отыр. Алдағы уақытта атқарылар істі ой елегінен өткізіп қарасақ, бұл елімізде Ата заңның қайта қабылдануына тең шара десек,  артық айтқандық болмас. Себебі, алдағы  уақытта  осы мақсаттарды  жүзеге асыру  үшін Конституцияға және қырықтан  астам заңға  өзгерістер енгізіледі.

 

Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ,

«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ

Бұқараға деген бетбұрыс

Озық отыздыққа ену мақсатында Мемлекет басшысы бұған дейін бес институттық реформа ұсынғаны белгілі. Соның негізгі бөлімінің бірі  –  «Ашық Үкімет» атты пунктінде атап өтілгеніндей, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу деп аталады.

Олай дейтініміз, министрліктерге қатысты өзгерістер, яғни қысқарту, қайта жасақтау жұмыстары бұған дейін де орын алғанымен, тұтастай үйлесімділіктің әлі де нақты жолға қойылмағандығын көрсетіп отыр.

Бүгінгі күні жаһан қарыштап дамуда. Соған сай, халықтың да талабы күшейген. Ашықтықты талап етеді. Жариялылықты жақсы көреді. Қазір қоғамның өзі күрделеніп барады. Сондықтан, Елбасының осы Үндеуі арқылы еліміздегі демократия үрдісін дамытуға тағы бір ізгі қадам жасалды деп айтуға негіз бар. Оның үстіне халықтың билікке деген сенімін нығайтуға да оң ықпал етеді. Ал, кең көлемді талдау-талқылау жұмыстарының жаппай халық арасында кеңінен жүргізілуі – бұқараға деген бетбұрыстың белгісі.

Осынау батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырады, әрі қабылданған шешімдеріне сай, жауапкершілікті арттыра түсері сөзсіз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз