NCOC компаниясы мен жергілікті қоғам COVID-19 індетімен бірігіп күресуде (+ФОТО)

img 20200420 wa0016 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Жылдам таралған COVID-19 індеті әлемнің түкпір-түкпіріне әсер етті. Осы орайда, әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар пандемияны жеңуге күш жұмылдырып жатыр. NCOC компаниясы Қазақстандағы мұнай мен газдың ірі өндірушілерінің бірі бола отырып, індеттің алдын алу бойынша арнайы шешім қабылдаған еді. Бұл шешімнің нәтижесінде Компания елімізде ең бірінші болып, COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған көптеген нақты шараларды енгізген компаниялардың қатарына кірді.

2

15 наурызда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін NCOC компаниясы бірден өз қызметкерлерін жалақысын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырды. Бұл COVID-19 індетінің таралуын бәсеңдетуге бағытталған әлеуметтік қашықтықты сақтау шеңберінде қабылданған уақытша шара болды. NCOC компаниясы үшін адамдардың денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқатын қорғау, қызметкерлері және мердігерлер персоналы үшін жоғары құндылық болып табылады. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, Компания өзінің өндірістік алаңдары үшін 90 күндік оқшаулау тұжырымдамасын әзірледі. Бұл өндірістік нысандарда жұмыс істейтін өндірістік персоналдың жұмыс алаңдарына барар алдында індеттің алдын алу үшін оқшаулау кезеңінен өту жоспары болды.

Айта кететіні, NCOC компаниясы Атырау қаласында COVID-19-ға қатысты экспресс-тестін бірінші болып енгізді. Өндірістік алаңдағы негізгі персонал 14 күннен аспайтын оқшаулау кезеңінен кейін өндірістік алаңға барар алдында COVID-19-ға қатысты ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді.

Сонымен қатар, NCOC күдікті немесе расталған COVID-19 жағдайы анықталған кезде қолданатын негізгі әрекеттер, міндеттер мен жауапкершіліктері анықталған арнайы іс-әрекет жоспарын әзірледі. Компания өз қызметкерлеріне қолдау көрсету шаралары шеңберінде, коронавирустық инфекция таралуының алғашқы айларында дәріханаларда маскалар жетіспеушілігі орын алған сәтте, Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қызметкерлеріне бір реттік медициналық маскалар таратты.

img 20200410 wa0012

Компания қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған маскалардың жеткілікті санына тапсырыс бере отырып, өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әлемдік пандемияның кесірі денсаулық сақтау жүйелеріне ауыр тиді. NCOC компаниясы жергілікті ауруханалардың әлеуетін қолдау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қабылданған шараларды жүзеге асыру мақсатында жергілікті органдармен, үкіметпен және басқа да серіктестіктермен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеді.

Наурыз айынан бастап NCOC компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының денсаулық сақтау жүйелерін өте маңызды да қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуде.

Атап айтқанда, Компания COVID-19 жұқтырған науқастар емделіп жатқан Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына заманауи қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықты жеткізді. Оның ішінде балалар мен ересектерге арналған өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, ЭКГ және ынталандыру функциясы бар дефибрилляторлар, көпфункционалды кереуеттер, портативті ультрадыбыстық аппарат, түрлі анализаторлар, мониторлар және тағы да басқа көптеген заттар бар.

9

Айта кететін жай, аталған жабдықтар жеткізілген жұқпалы аурулар ауруханасы 2016 жылы NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобасы аясында Атырау қаласында салынған. Қазір бұл аймақтағы шұғыл медициналық көмек көрсетудің басты мекемесі болып табылады. Оған қоса, мыңдаған шығындық материалдар (эндотрахеалды түтіктер, орофарингеалды тыныс алу жолдары, дефибрилляторлы электрод және т.б. ), инфекциядан қорғану құралдары (қолсулықтарға арналған диспенсерлер, шынтақтық дозаторлар, өзі сығылатын швабрасы бар шелектер және т. б. ) бірқатар облыстық медициналық ұйымдарға берілді.

img 20200511 wa0003

Бұдан басқа, NCOC компаниясы арнайы шақырған британдық қарқынды терапия дәрігері COVID-19 жұқтырған науқастарды қарқынды емдеу бойынша жергілікті дәрігерлер үшін тұрақты түрде оқу курстарын, семинарлар мен кеңестер өткізеді. Маңғыстау облысында NCOC компаниясы жедел медициналық жәрдем бөліміне үш жедел медициналық көмек көлігін сыйға тартты және аймақтағы медициналық мекемелерге өмір үшін маңызы зор жабдықтарды ұсынды.

Бұл тек өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар, көпфункционалды кереуеттер, эпидемияға қарсы қорғану жиынтықтары, дефибрилляторлар ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметкерлерге арналған дезинфекциялау мен жеке сақтандыру құралдары. Медициналық құрылғылар мен құралдардың тағы бір жеткізілімі жақын арада күтілуде.

Осылайша, NCOC компаниясының қолдауымен аймақтық денсаулық сақтау ұйымының әлеуеті айтарлықтай өсті. Mаусымдағы жағдай бойынша барлық сатып алынған және сыйға тартылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгені құрады. Денсаулық сақтау жүйесіне көмектен тыс, NCOC компаниясы мемлекеттік органдармен уағдаласа отырып, балаларға «онлайн» білім беруді қолдау мақсатында артық компьютерлерді жеткізіп, жергілікті мектептерді қолдау туралы шешім қабылдады. Компьютерлер Атырау қалалық білім басқармасына мұқтаж отбасыларға таратылу үшін жеткізілді.

4

Жалпы алғанда, Компания Windows 10 бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған 1200-ден астам компьютерді тапсырды. Сонымен қатар, жалпы адам мен қоғамның арасындағы алтын көпірді нығайту үшін NCOC қызметкерлері мен мердігерлер персоналы, #bizbirgemiz (біз біргеміз) науқаны аясында күнкөрісі төмен отбасыларға көмек көрсету үшін қаражат жинады. 4 аптаға жуық мерзімде 2,5 миллион теңге жиналған болатын. Әлеуметтік қашықтыққа қарамастан, адамдар бір-біріне көмектесудің жолдарын тауып, көмекке зәру күн көрісі төмен отбасыларға қол ұшын созды.

COVID-19 індетімен күрес әлі жалғасуда, дегенмен Компания Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына пандемияға қарсы күресте қолдауды барынша көрсетуде. Қызмет еткен бастапқы жылдардан бастап, NCOC компаниясы жергілікті қоғамның ажырамас бөлігіне айналды және Компания үшін осы қиын кезеңде барынша қолдау көрсету өте маңызды.

Қуанышбек МҰҚАНОВ,

Денсаулық, еңбек, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директорНорт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC)

orpopo 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз