НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚОСЫМША ПОЙЫЗДАР ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ

1345736 Жаңалықтар

Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Алдағы мерекелер қарсаңында ұлттық тасымалдаушының вагон паркін 100 процент жұмылдыру көзделіп отыр.

1345736

Алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды жолға шығарады.

Наурыз мерекесі кезінде қосымша жолға шығатын пойыздар:

  • №202/201 Астана-1 – Павлодар бағытында, Астана-1 теміржол вокзалынан 20, 24 наурыз күндері  жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
  • №204/203 Астана-1 – Алматы-1, Астанадан 20, 24 наурызда, ал  Алматыдан  21, 25 наурызда шығады;
  • №205/206 Алматы-2 – Арыс-1,   Алматыдан 7, 21 наурыз, ал Арыстан  9, 23 наурыз күндері қатынайды;
  • №241/242 Қызылорда – Атырау,  Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан  21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді;
  • №49/50  Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Оралдан 16 наурызда кері қатынайды.

«Компания пойыздардың жолаушылармен толуын әруақытта қадағалап, арнайы сараптама жүргізіп отырады. Осы сараптама негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен пойыздар іске қосылады», – делінген хабарламада.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз