Жарнама
Жаңалықтар

«Наурыз» ипотекасына қайтадан өтінім қабылдау басталады

«Отбасы банк» қараша айында «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары бойынша жаңа өтінім қабылдауды бастайды.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, мемлекет биыл бұл мақсатқа 500 миллиард теңге бөліп отыр — бұл жыл басындағы көлемнен екі есе көп. Қаржы жаңа қатысушыларға да, көктемде өтініш беріп, бірақ мақұлданбаған азаматтарға да бағытталады.

Бағдарлама аясында құрылыс компаниялары банкпен офтейк-келісімдер жасап, алдағы үш жыл бойы шаршы метр бағасын көтермеуге міндеттеледі. Бұл тұрғын үй нарығындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пәтерді бұрынғыдай онлайн «Баспана маркет» платформасы арқылы таңдауға болады. Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек жаңа үйлерден (құрылыс компанияларынан) сатып алуға рұқсат етілсе, басқа өңірлерде жаңа және екінші нарықтағы үйлерді де таңдауға мүмкіндік бар.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, пайыздық мөлшерлеме әлеуметтік топтарға – 7%, қалған азаматтарға 9% болады. Бастапқы жарна 10–20% мөлшерінде, ал ең жоғары несие сомасы Астана мен Алматыда – 36 миллион теңге, басқа өңірлерде – 30 миллион теңге.

Қатысу үшін соңғы бес жылда тұрғын үйдің болмауы және «Отбасы банкінде» кемінде 2 миллион теңге депозит болуы қажет. Банктің мәліметінше, «Наурыз» бағдарламасы азаматтардың баспаналы болуына және тұрғын үй нарығын тұрақтандыру үшін қайтадан қолға алынған.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button