Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар жүреді

1514954289 7dfd4f6ca316e5778b822b176715c58f crop l 5 t 0 w 1067 h 600 resize w 520 h Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекелерінде жолаушы тасымалына деген сұраныстың күрт артуына байланысты қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды«ҚТЖ-Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

1514954289_7dfd4f6ca316e5778b822b176715c58f_crop_l_5_t_0_w_1067_h_600_resize_w_520_h_

«Тұлпар Тальго» вагондарынан құралған «Астана-1 – Алматы-2» бағдарының пойызы 2018 жылғы 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23 және 25 наурыз күндері, ал кері бағдармен 2018жылдың 12, 14, 16, 18, 20, 22 және 24 наурызы күндері жүреді.

«Маңғыстау – Құлсары» пойызы Маңғыстаудан 2018 жылғы 19 наурыздан 7 сәуірге дейін тақ күндері, ал Құлсарыдан 2018 жылғы 20 наурыздан 8 сәуірге дейін жұп күндері қатынайды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы наурыз айында 11 қосымша пойыз рельске қойылған болатын.

Сондай-ақ, мереке күндері сұраныс көп бағдарлар бойынша 600-ден астам тіркемелі вагондар енгізу жоспарланып отыр. Жолаушылардан өз сапарын ертерек жоспарлауын, интернет-порталдардан, касса және терминалдардан билет алуын сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама бөліміне немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз