Нұрайна

Нұрайна Білім

Нұрайна Қақпанбаева – оқыту әдістемесін өте жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі ұстаздардың бірі. Еңбек жолын Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған Нұрайна қазіргі кезде Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, инженерлік-техникалық факультет деканының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі.

%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0

Тәжірибелі ұстаздың сабақтары ұйымдастырушылық қасиетінің жоғарылығымен, ғылыми тереңдігімен, үйлесімді қорытындылауымен ерекшеленеді. Ол оқу үдерісінде cтуденттердің қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етеді. Жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Нұрайна Мелісқызы «Білім  беру ісінің  үздігі» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен  марапатталды.

Ұстаз «Үш тұғырлы тіл» идеясын жүзеге асыруда ұлттық педагогика элементтерін ұтымды пайдаланып, сабақ барысында өз тарихымызды, салт-дәстүрімізді және тұрмыс-тіршілігімізді шет елдік тарихпен, дәстүрмен, мәдениетпен салыстыра, сабақтастыра өткізеді. Ол – осы жылғы маусым айында Павлодар қаласында «Білім берудегі инновациялар: уақыт талабы» тақырыбында өткен республикалық екінші педагогикалық оқулардың жеңімпазы. Осындай еңбегі арқасында ұстаз Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның  Құрмет грамотасымен  марапатталды.  Қазақстанда, Ресейде, Венгрияда және Францияда біліктілігін көтеру тағылымдамаларынан өтті, Халықаралық дәрежедегі сертификаттардың  иесі атанды.

Нұрайна ұстаз ғана емес, сонымен бірге, «Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану жолдары», «Этнопедагогика» атты оқу құралдарының авторы. Оның отызға тарта мақаласы облыстық, республикалық, халықаралық, шетелдік ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдар жинағына енген.  Студент жастарымызға «Үш  тұғырлы  тіл» идеясын насихаттап жүрген тәжірибелі педагог Нұрайна Мелісқызына алдағы уақытта да зор шығармашылық табыс тілейміз.

Лиза  СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз