Muslim.kz порталы «Мәуліт Challenge» эстафетасын жариялады

maulit Жаңалықтар

Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл.  Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жаңғырту мақсатында Muslim.kz порталы «Мәуліт Challenge» атты игі істер эстафетасын жариялады.

Эстафета шарттары мынадай: 

1 минуттан аспайтын видео түсірілім жасайсыз;

Оның мазмұны кез келген бір игі ісіңізді баяндауы қажет;

Жасаған амалыңыздың сауабын Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнауыңыз қажет;

Видеода «Мен «Мәуліт Challenge» игі істер эстафетасына қосыламын» деп міндетті түрде айтуыңыз қажет;

Сондай-ақ, видео астына #МәулітChallenge хэштегін жазып, @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасын белгілеуіңіз қажет;

Бұдан бөлек, Инстаграм желісіндегі @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасына жазылуыңыз міндетті.

Байқауда ең көп лайк пен пікір жинаған қатысушылар әділқазылардың шешімі бойынша ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 100 000 тг.

2 орын – 70 000 тг.

3 орын – 50 000 тг.

Сондай-ақ алғашқы жиырмалыққа кірген қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Эстафета 23 қарашаға дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз