Жарнама
Жаңалықтар

“Mister & Miss ASU — 2025” жеңімпаздары анықталды

Атырау қаласында студенттер қауымдастығын біріктіру мен жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған маңызды шаралардың бірі — «Mister & Miss ASU — 2025» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Шара ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іске асырылып отырған «Atyrau Students Union (ASU)» жобасы аясында өткізілді. Байқау Атырау Жастар театрының сахнасында өтіп, студент жастардың өнері мен көшбасшылық қабілетін кеңінен танытатын алаңға айналды.

img 0298

Бұл байқау екі бағыттан тұрды. Іріктеу кезеңі және ақтық сын. Алғашқы кезең қала және аудан оқу орындарының өз базаларында өткізілді. Онда оқу орны әкімшілігі ұсынған студент жұптары өнер көрсетіп, олардың жұмыстары жобаны ұйымдастырушылар бекіткен талаптарға сай сарапталды. Нәтижесінде үздік деп танылған жұптар облыстық деңгейдегі ақтық кезеңге жолдама алды.

Ақтық кезеңнің негізгі мақсаты — студенттердің шығармашылық таланты мен өзін-өзі таныту қабілетін көрсету. Байқау ережесіне сай әр оқу орнының жұптары бірнеше бағыт бойынша бақ сынады. Олар өз оқу орнын таныстыруға арналған «Үздік бейнеролик», қатысушылардың өнерін ашатын «Үздік креативті өнер» және Instagram желісінде көп дауыс жинау арқылы анықталған «Көрермен көзайымы» номинациялары.

img 0299

Шараға өңірдегі кәсіпкерлер мен ұйымдар да қолдау көрсетті. «Нуридент» стоматологиялық клиникасы жеңімпаздарға, жүлдегерлерге және барлық қатысушы жұптарға түрлі сертификаттар табыстап, көрермендер арасында да арнайы ойын ұйымдастырды. Бұдан бөлек, «Актоты коллекшн» сән үйі жеңімпаз атанған мистерге дәстүрлі ұлттық шапан жауып, мистер мен мисске қаржылай сертификаттар сыйға тартты.

Жоғары деңгейде өткен шығармашылық дода нәтижесінде бас жүлде Атырау мұнай-газ саласына маманданған жоғары техникалық колледждің студенттері Әлішер Сисен мен Дана Хамитқа бұйырды.

 Екінші орын Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің өкілдері Нұрдәулет Құмаров пен Румия Омароваға табысталды.

Үшінші орын Атырау энергетика және құрылыс колледжінің жұбы Айкөркем Таңатарова мен Әлихан Серікқалиға берілді.

  Ал «Көрермен көзайымы»атағын әлеуметтік желі қолданушыларының ең көп қолдауына ие болған Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі жұбы — Нұрдәулет Құмаров пен Румия Омарова иеленді.

Байқау аймақтағы студенттердің жан-жақты дамуына, олардың өзіндік көзқарасын, көшбасшылығын және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға серпін берді. «Atyrau Students Union» жобасы өңір жастарының белсенділігі артып, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық нығая түскенін айғақтап отыр.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button