«Өмірге жолымды ашқан бата»

өмірге жолымды 2 1 Білім

Осыдан он алты жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» мұнай-газ кен орнын ашқан еді. Сол салтанатты шараға әкесімен бірге еріп келген жеті жасар жеткіншектің бетіне Елбасы теңіз түбінен алынған Қашаған мұнайын жақты. Бұл «Қазақстанның болашағы жастардың қолында, сондықтан, әрбір жас ұрпақ еліміздің байлығын игеруге өз үлесін қосуы керек» екендігін аңғартса керек.  Алайда, бұл кезде Берік мұны балалықпен сезінбеді.

%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b-2

– Бүкіл әлем көз тіккен Қашаған мұнайын Елбасының өзі менің бетіме ырымдап жаққанын тағдырдың берген сыйы деп білемін. Осы оқиға болашақ мамандығымды таңдап, мұнай саласына бет бұруыма септігін тигізді, – дейді Берік Уап.

Мақсаты алға жетелеп Англияның белді оқу орнының бірі – Манчестер университетінде мұнай-газ саласының қыр-сырын үйренген. Мұнай-газ ісі мамандығының дипломын қолына алғаннан кейін Шотландия мемлекетіндегі жоғары оқу орнында ғылым магистрі атанды.

Берік шетелдерде сапалы білім алу жолында да елінің қамқорлығын сезінгендігін айтады. Өйткені, екі дипломды да облыстық әкімдік пен «НКОК» компаниясының бірлескен гранты негізінде алған екен.

– 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ұлыбританияның сол кездегі Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен Атыраудағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында болып, Солтүстік Каспий жобасының өндірістік нысандарын іске қосуды бастап берген болатын.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алпауыт елдің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен бірге «Ғасыр жобасын» іске қосуы мемлекетіміз тарихындағы мұнай-газ индустриясының жаңа дәуірінің бастау алған сәті еді.

%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b

Шетелде білім алып жүрген кезімде осы салтанатты шараға арнайы шақырту алғанда кеудемді ерекше қуаныш кернеді. Бұл менің өмірімдегі тарихи оқиғадан кейін Мемлекет басшысымен 13 жылдан соң кездесуім болды, – деп еске алады қазіргі таңда «Норт Каспиан Оперейтинг компани» мекемесінде қызмет атқаратын жас маман.

Қашаған – әлемдегі соңғы жарты ғасыр ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі. Сондықтан да, Берік болашақта бар күш-қуатын  Қашаған кен орнын әрі қарай дамытуға жұмсамақ.

Сурет Берік Уаптың жеке мұрағатынан алынды.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз