Өмірге үшем келді

shemge syiylyi tabyis etti 2 Жаңалықтар

Отбасы күніне орай Қызылқоға ауданы әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейісқали және кәсіпкерлер палатасының директоры Алтынзер Баймұратова Көздіқара ауылдық округіндегі Айдарбековтер отбасында болып, үшемнің ата-анасын құттықтады.

Үшемге сыйлық табыс етті (2)

– Бала – өміріміздің жалғасы, көзіміздің нұры, болашақтың тұтқасы. Сондықтан, оларды мәпелеп өсіру бізге борыш.  Бөбектердің өмірі шуақты, болашағы жарқын болсын. Олардың аман-есен ержетіп, ел тұтқасын ұстар азамат болуларына тілекшіміз, – деді аудан әкімі А.Баженов.

Сондай-ақ, Санжар, Сардар және Дарын есімді үш айлық үшемнің әрқайсысына жүз мың теңгелік сертификат табыс етілді.

Отағасы Уәли Айдарбеков вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Отанасы Ардақ Жұмағалиева үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысуда. Үшемнің ағаларының үлкені алтыншы сыныпта оқиды, кішісі ­– төрт жаста.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ,

Қызылқоға ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз