Жарнама
Жаңалықтар

Міндетті автосақтандыру төлемдері ұлғаюы мүмкін

Мәжілісте жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккен азаматтарға төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін арттыру жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Құжат қабылданған жағдайда төлем лимиттері қазіргі мөлшерден екі есе өседі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сақтандыру компаниялары мүлікке келтірілген залал үшін ең көбі 600 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін өтемақы төлейді. Бұл — 2025 жылғы есеппен 2 359 200 теңге.
Жаңа түзетулер қабылданған жағдайда, бұл шектеу 1 200 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 4,7 миллион теңгеге дейін ұлғаймақ.

Сонымен қатар, заң жобасында азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін төленетін өтемақы мөлшерлері де қайта қаралып отыр:
Жарақат алған жағдайда – 300 АЕК (1,18 млн. теңге); III топ мүгедектігі – 1 000 АЕК (3,93 млн. теңге); II топ мүгедектігі – 2 400 АЕК (9,44 млн. теңге); I топ мүгедектігі – 3 200 АЕК (12,58 млн. теңге); Бала мүгедектігі – 2 000 АЕК (7,86 млн. теңге); Қаза болған жағдайда – 4 000 АЕК (15,73 млн. теңге).

Бұдан бөлек, ауруханада емделген әр күн үшін кемінде 2 АЕК (7 864 теңге) төленуі қарастырылған.

Егер жол апаты кезінде бірнеше адам зардап шексе, әрқайсысына жеке есеппен 1 200 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді. Дегенмен, жалпы төлем сомасы 4 000 АЕК-тен (15,7 млн. теңге) аспауы тиіс.

Депутаттардың пікірінше, бұл өзгерістер жол апаттарында жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға және сақтандыру жүйесінің әлеуметтік әділдігін арттыруды көздейді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button