Мерекелік медальмен марапатталды

whatsapp image 2020 08 28 at 16.48.40 3 Жаңалықтар

Atr.kz/29 тамыз, 2020 жыл. Конституция күні қарсаңында бір топ атыраулық марапатталды.

Бүгін, 28 тамыз күні ҚР Президентінің Жарлығымен аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ  атыраулық  мерекелік медалмен марапатталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Азаматтарға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов табыстады.  Жиынға қатысушыларды Ата Заңның  25 жылдығымен құттықтаған аймақ басшысы қазақстандықтар үшін бұл мерекенің  маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. 

  • –    Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заңымыз – тәуелсіздіктің іргетасы. Сондай-ақ, мемлекетіміздің дамуына кепіл болған барша Заңдарымыздың қайнар көзі, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
whatsapp image 2020 08 28 at 16.48.40 1
whatsapp image 2020 08 28 at 16.48.40 13
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз