Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет ардагері марапатталды

25 қазан – Республика күні қарсаңында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл абыройлы еңбек еткен қызметкер марапатқа ие болды.

Мақат ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Сарбалиеваға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградасы «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.

Құрметті марапатты Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы салтанатты шарада табыстап, төсбелгі иегеріне мемлекеттік қызметтегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Шара барысында облыс әкімі ұзақ жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегі елеусіз қалмайтынын атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button