Жаңалықтар

«Мектепке жол – 2024»: облыста 18 мыңнан астам бала қамтылады

Теңіз кен орнындағы қызметкерлер Құлсары қаласындағы балаларға арналған «Мектепке жол» акциясын іске қосты. Акция мақсаты – Жылыой ауданында су тасқыны кезінде зардап шеккен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция бастамашысы болған Теңіз кен орны қызметкерлерінің Әйелдер қауымдастығы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын қолдауға шешім қабылдады.
⁃ Көктемгі су тасқынына байланысты Құлсары қаласындағы көптеген отбасы, әсіресе аз қамтылған отбасылар бұрын-соңды болмаған қиындыққа тап болды. Сондықтан Теңіз кен орны қызметкерлерінің Әйелдер қауымдастығы Жылыой ауданының балаларына қолдау көрсетіп, мектепке жиналуға көмектесуге шешім қабылдады. Біз мектеп формасын, қажет киімдерді, аяқ киімдерді, рюкзактарды және кеңсе тауарларын сатып алуды шештік, өйткені әр бала мектепте баруы керек, — дейді Атырау қаласындағы Теңіз кен орны қызметкерлерінің Әйелдер қауымдастығының жетекшісі Айдана Губашева.

Жыл сайын Теңіз кен орны қызметкерлерінің Әйелдер қауымдастығы аз қамтылған отбасылардан шыққан орта есеппен алғанда 250-ден 300-ге дейін баланы мектепке керек негізгі құрал-жарақтармен және киіммен қамтамасыз етеді. Әрбір ниет білдіруші акцияға ақша аудару немесе қажет заттарды сатып алу арқылы қатыса алады. Айта кетейік, Атырау облысында «Мектепке жол – 2024» акциясы аясында арнайы көмек алатын 18 мыңнан астам бала қамтылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button