Жарнама
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов Жылыой ауданына іссапармен келді. Сапар барысында депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты. 

39004ebf eb78 494a 845b 4a90451d75d3

Өзен бойын жағалай орналасқан ауыл тұрғындары жүздесу аясында елдің тыныс-тіршілігімен, аталған жобаның жай-жапсарымен бөлісіп, ұсыныс-тілектерін де ортаға салды.

437011d6 ee85 4d3d 97e0 eca12efe92ab

-Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстары аясында жергілікті жердің географиясын жатқа білетін, көнекөз қариялар мен ауылдың белсенді азаматтарының ұсыныстарын ескереміз. Осы мәселе бойынша атқарылып жатқан істер біздің назарымызда болады, — деді Дүйсенбай Нұрбайұлы.

da713afc a91a 4543 bc10 d7236e3168a4

Еске сала кетсек, түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайды. Оның ішінде Құрсай каналы – 46,1 шақырым, Жем өзені – 48,9 шақырым және бөгет – 61 шақырым. Қазір Жем өзенінің 4 шақырымы, Құрсай каналының 31 шақырымы, барлығы 35 шақырым түп тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ бөгет тұрғызу жұмыстары басталып, бұл іске 48 механикаландырылған экскаватор, 4 амфибия, 4 жер сорғыш снаряды, 10 бульдозер, 4 автотиегіш, 2 ауыр грейдер, 5 каток, 30 ауыр жүк көлігі, жалпы саны 107 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл жұмыстар кестеге сәйкес көктем маусымына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар көктемгі су тасқынының алдын алуға және аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Дайындаған Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button