Марлен мен Әнел – жастар арасында

Марлен мен нел Жаңалықтар

Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының ұйымдастыруымен жастарға қызмет көрсету орталығында өздерінің шынайы махаббатымен бүкіл елге әйгілі болған жылыойлық қос ғашық –Марлен мен Әнелмен кездесу кеші өтті.

Марлен мен __нел

Жеті жыл бойы аурумен күрескен Әнелдің ендігі арманы – сүйікті жар, әрі білікті маман атану. Болашақ өмірлік серігін Әнел әлдеқашан таңдап қойған. Ол ауырғанда жанынан табылып, демеу болған сүйіктісі, ел бүгінгінің батыры атап кеткен – Марлен есімді жігіт. Ал, мамандық таңдау жағы біраз қиындық туғызғанға ұқсайды. Себебі, он жылға жуық уақыт бойы Әнелдің денсаулықтан өзгені ойлауға шамасы келмеді.

Қос ғашықтың әңгімесін тыңдауға келген жастар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Кездесу соңынан құшағы гүлге толы ғашықтармен танысуға ұмтылған жастардың қарасы көп болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз