Жарнама
Жаңалықтар

Мақатта балалар ойын алаңдары ашылды

Республика күні қарсаңында Мақат ауданының Мақат кентінде балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар С.Мұқашев көшесіндегі 80/2 және 32/2 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында орналасқан.

img 7806

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа нысанның ашылу салтанатына өңір әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Ол балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау – ауданның басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

img 7802

– Балаларға арналған алаңдардың ашылуы – олардың еркін ойнап, спортпен айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді аудан басшысы.

Іс-шара барысында жаңа алаңның лентасы қиылып, тұрғындар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

img 7796

Айта кетейік, пайдалануға берілген ойын және спорттық алаңдар толықтай жарықтандырылған, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталып, кент балаларының демалысына қолайлы жағдай жасалған.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button