Жарнама
Жаңалықтар

Майра Ерғали – “Үркердің” үздігі!

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы беделді марапаттардың бірі – «ҮРКЕР – 2025» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам өтінім түсіп, олардың ішінен үздік деп танылған 44 номинант финалға өткен еді.

Сол таңдаулы финалистердің қатарында біздің әріптесіміз, «Атырау» газетінің аға тілшісі Майра Ерғали бар болатын. Қуанышты жаңалық — әріптесіміз “Жылдың үздік журналистік зерттеуі” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды!

f27e8bd7 e1ce 4625 a39c f2012952ad0f

Бұл жетістік – тек Майра Ерғалидің жеке еңбегінің ғана емес, өңірлік баспасөздің де биік кәсіби деңгейін дәлелдеген зор мәртебе. Оның журналистика саласындағы ізденісі мен қоғам үшін маңызды мәселелерді зерттеп, шынайы әрі сапалы материалдар ұсынудағы еңбегі лайықты бағасын алды.

Марапаттау рәсімі бүгін Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жеңімпаз әріптесіміз Майра Ерғалиды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен тың жетістіктер тілейміз!

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button