Майкөмген, Ақкөл, Ақжайық ауылдарында спорт залы салынады

111111 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан.  Биыл Махамбет ауданының Ақжайық ауылында спорт залы салынады.
Бұл туралы аймақ тұрғындарының алдында есеп беріп жатқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

111111

«Сондай ақ, Жылыой ауданының Майкөмген ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында спорттық ангардың, Атырау қаласынан үш спорттық залдың құрылысы жүргізілуде. Және биыл Махамбет ауылынан 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады» деп атап өтті облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.
Еске сала кетелік, 2018 жылы Аққыстау ауылында, Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінің Тасқала елді мекенінде екі спорттық кешен, Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына екі спортзалдан тұратын екі қатарлы жапсаржай салынып, 25 спорттық зал іске қосылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз