МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

4b814a87 a7bd 4420 a30d a07b51de7c70 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Жылыой ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, облыстық мәслихаттың кезектен тыс VIII сессиясына қатысты»,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Көшпелі сессияда Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов пен Мақат ауданы әкімі Шәкір Кейкін аталған аудандар бойынша елді-мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту шаралары туралы баяндама жасады.

82c526fa 6be5 4346 a0a6 db90b39bda1b



Аудандардағы атқарылып жатқан жұмыс көрсеткіштері жетерлік. Айталық, Жылыой ауданы бойынша тұрғындарды табиға газбен қамту 100 пайыз болса, ауыз су жүйесімен қамту 98,7 пайызды құрап отыр. Ал, қанағаттанарлық жолдың үлесі қазіргі таңда 52,6 пайыз болса, 105 шақырым қалаішілік автомобиль жолының құрылысы аяқталған соң, бұл көрсеткіш 85,1 пайызды құрайтын болмақ. Сонымен қатар, аудан басшысы жыл басынан бері Құлсарыда 58 792 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін мәлім етті. Оған қоса, 100 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталып, 300-ге жуық аудан тұрғындары баспанамен қамтылатыны баяндалды.

30ee29e4 7793 4017 99b4 0a6b006536f3


Ал, Мақат ауданы бойынша кентте 24 шақырым, Доссорда 21 шақырым автокөлік жолдарын жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда, аталған құрылыс жұмыстары іске асқанда, Мақат ауданының көшелері 100 пайыз асфальт жолмен қамтылмақ.
Сонымен қатар, сессияда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан өңірдің бір топ азаматтарына «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс қаралды. Олардың қатарында Бекболат Нарегеев, Гүлмаржан Махамбет, Бағыт Сматуллин, Ғаділбек Мусин, Ғұмар Дүйсембаев, Өнербай Жанбала, Рысқали Сисатов, Мақаш Рахметов бар.
Сондай-ақ, жиында облыстық мәслихаттың бұдан бұрынғы кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы мәселер қаралды.
Мәслихат сессиясынан кейін өңір басшысы аудан орталығындағы трибуналы 3000 орындық орталық стадионның құрылысына барды. Аталған құрылыс жұмысы 2022 жылдың шілде айында аяқталмақ. Мұнда спорт зал мен бассейн салу да жоспарланған нысан аумағын абаттандыру мен көгалдандыру қарастырылған. «АВС-Лимитед» ЖШС құрылтайшысы Берік Даярдиев аумағы 4 гектар болатын алаңда бүгінгі таңда төбе жабындысы жұмыстары аяқталып, ішкі бөлу жұмысы жүргізілуде екенін жеткізді. Оның айтуынша, құрылыс материалдары түгел жеткілікті, жұмыс жоспарланған уақыт бойынша жүргізіліп келеді. Стадионның ерекшелігі тек футболға ғана арналмаған, сонымен қатар жеңіл атлетикаға да негізделген. Оған қоса алаңдағы көгалдардың астында арнайы жылыту жүйесі жүргізілген. Мамандар мұны қыс мезгілінде қарды ерітіп жіберу үшін арнап жасақталғанымен түсіндірді.
Құрылыс жұмыстарын көзімен көрген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мердігер компаниялар мен демеушілерге әлеуметтік маңызды нысандардың сапалы салынып, уақытылы тапсырылуы қатаң қадағалауда болатынын ескертті.
Одан соң “Игілік” бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік нысан — қаладағы 580 орындық №6 жаңа мектептің жұмысын көзбен көрді.

81d21be9 2c6b 4788 b658 eb591f5fff2d


Биылғы оқу жылында пайдалануға берілген мектепте оқушыларды еңбекке баулу пәні бойынша бөлмелер мен құралдар, оның ішінде ер балаларға соңғы үлгідегі станоктар, ал қыз балалар үшін электронды тігін машинасы бар. Ал, екінші қатарда кортотекалық және электронды жүйеге енгізілген кітапхана жұмыс жасаауда. Сондай-ақ, интерактивті тақта, асхана, спорт зал мен мәжіліс залы қарастырылған. Оған қоса, аулада көгалдандыру мен тал-теректер егілген. Балалар алаңсыз білім алуда.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауданның эпидемиялогиялық ахуалы мен вакцинациялау жағдайы талқыланған жиынға қатысты.
Жиында аудан әкімі Халел Жамалов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баяндама жасап, ревакцинация жұмыстары мен аудандағы эпидемиялогиялық жағдайдың көрсеткіштеріне тоқталды.
Өңір басшысы жиын соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен аудан әкіміне вакцинациялау жұмыстарының қарқынын одан әрі жақсартуды, ревакцинациялау үшін бөлінген санаттардың екпе алуын толық ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетелік, облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов осы жылдың шілде айында да Жылыой ауданына болып, әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, халықтың тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көрген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз