whatsapp image 2021 06 18 at 11.12.47

Махамбет Досмұхамбетов: «Тұщы су тапшылығы мәселесі тоғыз жобаны жүзеге асыру арқылы шешілетін болады»

Жаңалықтар Экология
45 / 100

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


– 147 млрд. теңге сомасына тоғыз жобаны іске асыру есебінен Тұщы су тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларға сәйкес, Атырау қаласында сүзгі станциялары мен су тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау, топтық және магистральдық су құбырларын, оның ішінде «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары жасалатын болады, – деді өңір басшысы.


Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған