Мұнайлы өңірдегі сенбілікте 65 тонна қоқыс жиналды

WhatsApp Image 2018 10 01 at 15.31.43 1 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы сенбілікке 9 мыңға жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-10-01 at 15.31.43 (1)

Екі айлық санитарлық тазалау акциясы аясында өткен сенбілікке 631 нысан және 63 техника жұмылдырылған. Ал, тазалауға қатысқан 8905 адамның  594-і оқушы болса, 319-ы «Арнаулыавтобаза» ЖШС қызметкері.

«Атап айтқанда, Самал және Жұмыскер шағын ауданы қоқыстардан толығымен тазаланды. Болашақта санитарлық нормалар мен ережелерді сақтамаған азаматтарға әкімшілік шара қолданамыз», – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Айта кетейік, акция 15 қыркүйекте басталған. Ол қараша айының ортасына дейін созылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз