Ұлттық киім күні

ол дәстүрлі мерекеге айналса игі


 

Бір жыл бұрын әлеуметтік желілерде жыл сайын 29 сәуірде Қазақтың ұлттық киімі күнін өткізу бастамасы талқыланған болатын. Акцияны қолдаушылар көп болды. Ұлттық киім күніне әр өңірде флеш-моб өткізілді. Атырауда да ұлттық     киімге деген көзқарас ерекше.

Акция шарты бойынша, ұлттық киім тек әдет-ғұрып жоралғысы болмауы керек. Ол күнделікті киімнің бір бөлігіне айналу үшін міндетті түрде жұмыс күні болуы тиіс. Яғни, жұмысқа ұлттық киіммен келу қажет.

Бастаманы қолдаушы, әрі ұйымдастырушылардың бірі Алуа Бесбаева мен «Веро моделз» модельдік агенттігінің жетекшісі Вероника Кошманова болды. Олар флешмобты қаладағы «Армада» ойын-сауық кешенінде өткізді. Кешеннің кіреберісінен бастап, төргі бөлмесіне дейін ұлттық нақышпен безендірді. Көрмеге қолөнер бұйымдары, ата-бабаларымыз пайдалан-ған заттарды қойды. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының әншілері Зарина Қабдолова, Бақытгүл Ізбасарова және «Ұлан», «Батырлар ұраны», «Байтақ елім қазағым» топтары Қазақтың халық әндерін шырқады. Күй күмбірледі.

 Меймандарға ұлттық киімдер түрлері және қазіргі заманға сай тігілген көйлектер көрсетілді. Өзіндік ерекше идеясымен көйлектер тігетін Батыс Қазақстан облысындағы «Өрнек» сән үйі және жергілікті дизайнерлер Маржан Маршалл мен «Айока Бо» сән үйінің өкілдері ұлттық нақыштағы сән үлгілерін көрсетті.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз