0 36

Лицензиясыз қалған университет студенттері не істейді? – министрлік жауабы

Білім Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді.

Бұл туралы atr.kz-ге Білім және ғылым министрлігінің баспасөз – қызметі хабарлады.

Ендігі кезекте жоо білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда (қайтарып алынған) немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған жоо білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа жоо-ға ауыса алады.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар мүдделі ұйымдармен келісу бойынша тиісті рәсімдерден өтеді.

Сондай-ақ ҚР БҒМ жабылатын жоғары оқу орындарының студенттерін басқа жоо-ға ауыстыруды қамтамасыз ететін болады. Бұл ретте студенттерді қабылдайтын жоғары оқу орындарының оқу құнын көтермеуі бойынша мәселелер шешілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған