Әлеуметтік салаға – инвестициялық қолдау

Қабылдау Жаңалықтар

Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Эксон Мобил Қазақстан Инк.» компаниясының басқарушы директоры Шерил Гомез-Смитты қабылдады. Кездесу барысында компанияның Қазақстанда және Атырау өңірінде атқарып жатқан жұмыстары кеңінен сөз болды.

%d2%9b%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83

Қазақстанда — жиырма, ал, Атырауда  тоғыз жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келген компанияның басқарушы директоры өз сөзінде үш үлкен жобаның акционері болып табылатынын жеткізді. Атап айтсақ, Теңіз алып кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің — 25, Қашаған кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий өнімін бөлісу келісім-шарты аясында — 16,81 және Каспий құбырлар консорциумының 7,5 пайыздық үлесіне ие.

– Компания Қазақстан жерінде 1993 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Сол уақыттан бері жұмсалған инвестиция көлемі 16,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Біз мұны мақтан етеміз. Біздің кеңсеміз Атырау және Астана қалаларында орналас-қан. Жұмысшылар саны  42 болса, соның 35-і — қазақстандықтар. Ал, Атырауда 28 адам қызмет етеді. «Эксон Мобил Қазақстан Инк.» тек мұнай және газ саласында қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар, әлеуметтік сала бағдарламаларына да белсене араласады, – деді  Шерил Гомез-Смит.

Айта кетсек, компания бизнес тренингтері мен консалтингтік қызметтерін ұсыну, шағын және орта бизнесті микро несиелермен қамтамасыз ету мақсатында Астана және Атырау қалаларында кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын ашты. Бүгінде екі орталықта 13 мыңнан астам кәсіпкер бизнес тренингтерінен өтті.

– «ЭксонМобил» облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Нақтырақ айт-сақ, мерзімі жетпей дүниеге келген нәрестелердің өмір-лерін сақтауға арналған,  жедел жәрдем көліктерін, қан тазалайтын жабдықтарды, фетальды мониторларды және тағы басқа қажетті құралдарды өңірдің емдеу мекемелеріне тарту етті. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінің автоматтандырылған диспетчерлік жүйесін де орнаттық, сала қызметкерлерінің  кәсіби білікті-ліктерін арттыру мақсатында шетелге курстарға жіберіп тұрамыз.  Өңірдегі медицина саласының кадр тапшылығы мәселесін де ескере отырып, жиырмаға жуық студенттің оқу ақысын төлеудеміз. Бұл бағытта біз жетіспейтін мамандықтарға көңіл бөлдік. Келісім-шарт негізінде диплом алған соң жас маман үш жыл ауылдық жерде қызмет етуі тиіс. Бұған қоса, білім беру саласына да қолдау көрсетіп келеміз, – деді компанияның жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ақмарал Сабырова.

Аймақ басшысы өз сөзінде «Эксон Мобил Қазақстан Инк.» әлемге әйгілі  компаниялардың бірі екендігін және жаңа технологияларды қолдану негізінде қазір алдыңғы қатарлы мұнай компаниясы болып табылатынын жеткізді.

– Мұнай өндіру, тасымалдаудан басқа әлеуметтік салаға да көңіл аударуларыңыз көңіл қуантады. Бұл – өте маңызды мәселе. Үш ірі жобадағы акционер ретінде компанияның ат-қарған жұмыстарын біз күн-делікті бақылап отырмыз, үлестеріңіз бар екендігіне сенімдіміз. Елбасының ұстанған саясаты – елде инвесторларға қолайлы жағдай жасау.  Сондықтан, алдағы уақытта да қарым-қатынасымызды тереңдете түсіріп, аясын кеңейту мақсатында өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

 

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Абылай

    Нурлан Ногаев мықты әкім!