Әлемдегі миы ең үлкен халық – қазақтар болып шықты (видео)

Жаңалықтар

Танымал ресейлік антрополог Станислав Дробышевский әлемдегі ең үлкен ми қазақтарға тән екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

pogudx1apo0m2cv35.2620160d

«Осыдан 25 мың жыл бұрын ерлердің миының көлемі 1500 грамм болған. Ал қазір 1400 грамға дейін азайып кетті. Әрине, оның бәрі адамдардың орналасқан территориясына да байланысты. Бүгінгі таңда миы ең үлкен халық – қазақтар, буряттар, моңғолдар.  100 грамм айырмашылық аса көп емес, дегенмен оның да өзіндік әсері бар», – дейді Станислав Дробышевский.

Ми кішіреюінің себебі нейрон, синапс, химия, нейромедиатр түзілуіне байланысты.

Ал кей кроманьондықтардың миының үлкен болуы генетикадан берілген. Біздің миымыздың 100 грамм кіші болуы олардан сәл ғана ақымақтау болуымызға әсер етеді. Себебі, кроманьондықтар 25 мың жыл бұрын өмірінің алғашқы 10 жылында от жағып, тамақ пісіріп, аң аулап, жыртқыштардан аман қалуға бейімделген. Осылай тірі қалудың жолында олар тез ойлап, ұтқыр шешімдер қабылдаған. Соның әсері ұрпақтарына да берілген деп ойлаймын»,- дейді антрополог.

Антропологтың миға қатысты айтқаны видеоның 37-ші минутында басталады. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз