ҚЫСҚА ҚАМСЫЗ ДАЙЫНДЫҚ

Атырауда 21-22 қарашада қыс кезінде төтенше жағдай туындағанда құтқару шаралары мен қажетті жұмыстарды жедел жүргізуге дайындық барысына арналған республикалық командалық-штабтық жаттығу өтті. Арнаулы техника мен арнайы құрамдардың даярлығын облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев тексерді.

Жаттығуға барлығы 45 арнаулы техника мен 120 адам тартылды. Олар жылу мен ауыз су жүйелерінде апатты жағдай туындағанда және көп қабатты үйлерде өрт оқиғасы орын алғанда құтқару шараларын қалай жүзеге асыру керектігін пысықтады. Сонымен қатар, жаңа үлгідегі апаттар медицинасы орталығының қызметі таныстырылды.

М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.
(Республикалық жаттығудан толық репортажды газетіміздің келесі санында береміз)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз