Жарнама
Жаңалықтар

Коучтар мен инфобизнеске жаңа талап енгізіледі


Қазақстанда онлайн кеңістікте жарияланатын білім беру және оккульттік сипаттағы контентті міндетті түрде белгілеуді көздейтін жаңа заң жобасы дайындалды. Тиісті түзетулерді Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынып отыр.

Заң жобасы қабылданған жағдайда талаптар әлеуметтік желілерден бастап видеохостингтерге, блог-платформаларға, тіпті қолданушылар контент жүктей алатын маркетплейстерге дейін барлық онлайн сервистерге бірдей қолданылады. Ерекше жағдай немесе жеңілдік қарастырылмаған.

Министрлік мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты — интернетте ұсынылатын курс, тренинг және басқа да “оқыту” контентінің айқындығын арттыру. Бұл жалған ақпараттың таралуын азайтып, жауапкершілікті күшейтеді. Сонымен бірге авторлардың барлығына ортақ талап енгізіліп, нарықтағы сапа стандартын жақсартуға ықпал етпек.

Сала мамандары жаңа белгілер жүйесінің бюджетке қосымша салмақ түсірмейтінін, сондай-ақ қоғамға теріс әлеуметтік әсері жоқ екенін атап өтті.

Заң жобасы алдағы уақытта талқылаудан өтіп, қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button