ll

Коронавирус: Бас имам сындарлы сәтте бірлік пен ізгілікте болуға шақырды (+ВИДЕО)

Дін Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы уақытша сынақтарды бірлік пен ізгіліктің жеңетінін айтты.

«Адамзат тарихын саралайтын болсақ, адам басынан небір түрлі сынақтар өткенін көреміз. Қазір әлем коронавирус сынағынан өтіп жатыр.

Осы мәселеден біз тек сабырлылықпен, шынайы төзімділікпен шыға аламыз. Біз бір-бірімізді үрейге апармауымыз керек. Мұның барлығы да уақытша нәрсе.

Мұсылман баласы жақсылық келсе, Аллаға шүкіршілік етеді. Жамандық келсе, сабырлылық танытады.

Біздің халқымыз небір зауалдарды шынайы бірлікпен, ынтымақпен, сабырлылықпен жеңген. Қазіргі таңда да бізге уақытпен сыналған шыдамдылық, бірлік керек» деп нақтылады сөзін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған